18.10.2022
20:35
2198
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 19 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертен таулы аудандарында тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ: 19 қазанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ аласында19 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 25 м/с жетуі болжанады.

19 қазанда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысынның солтүстігінде, шығысында тұман түседі

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 19 қазанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Астана қаласында да тұман түседі.