Бірнеше өңірде аптап ыстық болады - Қазгидромет

9 Тамыз, 06:41 353

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 9 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР бүкіл аумағында ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды: найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, батыста, солтүстік- батыста, солтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан,  Жетісу облыстарында,  Абай  облысының оңтүстігінде және Қызылорда облысында қатты ыстық  сақталады.

Алматы облысы мен Жетісу облысының орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында өте қатты  ыстық сақталады.

Атырау, Абай облысында, Ұлытау облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау және Жетісу  облыстарында,  Алматы облысының  батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе  облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының  оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Зарина Арман
Бөлісу: