9 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 72-82 км, Ақсай ауылынан Бұзылық ауылына дейін;
2. «Жезқазған-Петропавл» км 377-536, Қостанай облысының шекарасынан Бұзылық ауылына дейін.
9 қарашада сағат 20:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Жезқазған-Петропавл" автожолының 136-252 шақырым аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
9 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" автожолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.