Бірнеше аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21 Қараша 2022, 21:12 1173

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Түнде Абай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысыныңшығысында, батысында көктайғақ, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында 18-23 м/с жел соғады.

Алматы қаласында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі.

Астана қаласында кей уақыттарда тұман түседі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде күн тұманды.

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ертең тәулік бойы, 23 қарашада түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, ертең тәулік бойы, 23 қарашада түнде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Тараз қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні – 17-22 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысыныңсолтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші 15-20 м/с, тау асуларында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Шымкент қаласындатүнде және таңертең кей уақытта тұман түседі.

Ұлытау облысыныңбатысында, оңтүстігінде тұман түседі.

EL.KZ
Бөлісу: