Бірінші жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізу керек – кандидат

1 Қазан 2022, 15:05 1832

Қоғамды өзгертпей еш уақытта алға жылжымаймыз

Елімізде 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын екінші үміткер партияның бағыт-бағдары мен халық үшін қандай жұмыс атқаратыны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.

Алдымен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы астаналық филиалының жетекшісі Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мақсатына тоқтала кетті.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мақсаты – социал-демократияның принциптерін қолдау және дәріптеу. Біздің сайлауалды бағдарламамыздың осыған дейінгі біразы, кешегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауындағы біраз мәселелермен қамтылған. Олардың бірі - әкімдердің сайлауы. Бұл туралы біз 15 жылдан бері айтып келеміз. Қазіргі таңда билік ЖСДП-ның ұстанымындағы осы сияқты бірнеше мәселелерді қолға алды», - деді ол.


 Сондай-ақ Нұрлан Әуесбаев Президент болып сайланып жатса, алдымен қандай жұмысты қолға алатынын айтты.

«Алдымен елдің басқару жүйесін өзгертуіміз керек. Біздің мемлекет пен қоғам ең ауыр індет жемқорлыққа белшесіне батқан. Сондықтан бірінші жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізу керек. Қоғамды өзгертпей еш уақытта алға жылжымаймыз. Біз осы орында тапталған күйі тұра береміз», - деді үміткер.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: