15.07.2022
14:01
1717
Бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін жетуі мүмкін

Бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін жетуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша жаңартылған болжамды жариялады, деп хабарлайды El.kz

Ажар Ғиният министрлік ай сайын коронавирусқа қатысты болжамды жаңартып отыратынын еске салды.

«Пессимистік сценарий кезінде бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін тіркелуі мүмкін. Шынайы сценарий кезінде тәулігіне 2 400-ге дейін анықталады. Ал оптимистік сценарий жағдайында өрбісе, онда бір тәулікте 1000-ға дейін адам індет жұқтыруы ықтимал», - деді министр.