Бір жылда азық-түлік бағасы 24,1 пайызға қымбаттады

12 Желтоқсан 2022, 12:04 1196

Биыл азық-түліктің бағасы 24,1%-ға дейін өсті.Бұл Қазақстанның геосаяси инфляциясының қарқынды өсуіне септігін тигізді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстандағы инфляция геосаяси күйзелістің жүзеге асуына байланысты үдей түсті. Биылғы қарашада жылдық инфляция 19,6 пайызға жетті. Ең үлкен үлес бұрынғысынша азық-түлік бағасының өсуі болып табылады, ол 24,1%-ға дейін өсті. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 18,6%-ға, ақылы қызметтерге бағаның өсуі – 14,1%-ға жетті», - деді ол.

Инфляцияның республикалық деңгейден жоғары өсуі Маңғыстау облысында, Астана қаласында, Ақмола, Ұлытау және Қарағанды облыстарында тіркелген.

«Жыл соңына дейін инфляция 20-21%-ға дейін өседі деп күтілуде. Инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Ұлттық Банк инфляциялық ақша-несие саясатын жүргізуді жалғастыруда», - деді ол.

Миражан Махан
Бөлісу: