Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 72 адам шалдықты

1 Ақпан 2023, 09:15 1002

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 69, коронавирус белгілері бар пневмонияға 3 адам шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жалпы 1 ақпандағы ақпарат бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 551 адам (коронавирус (КВИ+) –1 404, пневмония (КВИ-) – 147) емделуде. Олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 430 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

EL.KZ
Бөлісу: