Бір тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды

8 Қазан 2022, 11:15 807

Бұл туралы  Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

7 қазандағы тәулік ішінде ел өңірлерінде коронавирус инфекциясы 51 адамнан анықталды, тағы 4 адам коронавирус пневмониясына шалдықты, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

8 қазандағы жағдай бойынша, коронавирустан 1 099 адам емделіп жатыр, соның ішінде коронавирустан – 963 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 136 (КВИ-) науқас.

116 пациент стационарда жатса, 983-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 6 адамның жағдайы ауыр,

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бөлісу: