30.08.2025
23:48
598
Бір қолмен 10 шақырымды жүзіп өткен қазақстандық көпшілікті таңқалдырды

Бір қолмен 10 шақырымды жүзіп өткен қазақстандық көпшілікті таңқалдырды

Ақтауда өтіп жатқан халықаралық «Oceanman Aqtau 2025» жарысында Асқар Қуаныш ашық теңізде 10 шақырымдық қашықтықты жүзіп өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Каспий теңізінің жағалауында ұйымдастырылған сайыста ол бір қолымен жүзіп, өзгеше ерік-жігер мен табандылық танытты.

10 шақырымды бір қолмен жүзіп өту үшін орасан төзімділік пен мықты жігер қажет. Асқар барлығын таңқалдырды, нағыз батылдық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Оның жетістігі мүмкіндігі шектеулі жанның да қабілетіне шек жоқ екенін дәлелдейді. Мұндай адамдар – бәрімізге үлгі. Нағыз чемпион, - деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.