Бір миллион теңгеден астам айыбы атыраулық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды

11 Қараша 2023, 08:32 794

Атырау облысында 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген тағы бір жүргізуші ұсталды. Қазір тәртіп бұзған азаматтың көлігі арнайы айып тұрағында тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 2023 жыл басынан бері айыппұлын төлемей жүрген 1 186 жүргізуші анықталғанын атады.

Атырау қаласының аумағында «Қорғау» аппараттық-бағдарламалық кешен көмегімен шет мемлекеттерге тіркелген көлік құралдарының әкімшілік құқық бұзушылығы тіркеледі. Егер жүргізушінің тиісті міндетті сақтандыру полисі болмаса, «Анықталмаған санатында» енгізіледі. Жыл басынан бері айыппұлын төлемеген жүргізушілердің 1 186 көлігі арнайы айып тұрағына қойылды. Оның ішінде Ресей Федерациясына тіркелген Largus автокөлігі бар. Бұл көліктің жүргізушісінің 396 мың теңге көлеміндегі 15 айыппұлы болған. Ал, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі 224 мың теңгенің 12 айыппұлын төлемей жүргені анықталды, - деп жазылған департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ал 10 қараша күні сағат 12:55 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Interceptor іздеу жүйесі арқылы маркасы Toyota автокөлігін анықталып отыр. Патрульдік полиция қызыметкерлері автокөлікті тоқтатып, жүргізушінің 1 млн 59 мың 825 теңгеге жеткен 40 айыппұлы барын білді. Рульде 40 жастағы жүргізушінің көлігі арнайы айып тұрағына қойылды. 

 

Берік Арманов
Бөлісу: