Бір лудоманды емдеуге 2-3 миллион теңге жұмсалады

27 Наурыз, 16:10 789

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы елімізде лудомандарды емдеу концепциясы бекітілмегенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын Алматыда республикалық психикалық ғылыми практикалық орталық бар. Ол ресми түрде түрлі деңгейдегі психологиялық дертке жататын ауруларды зерттейді. Себебін анықтайды, салдарын біледі, емдеудің жолдарын қалыптастырады. Өкінішке орай, дәл сол орталықтың директоры елімізде лудомандар дертінің нақты салдары және оның емдеу концепциясы бекітілмегенін айтты. Бүгінде 12 млн теңге қаражат сұрап отыр. Бірақ министрлік ол қаражатты бөлуге құлықсыз. Сондықтан бізге дәл осы мәселемен айналысу керек», - деді мәжілісмен.

Депутаттың сөзінше, елімізде лудомандарды емдейміз деген орталықтардың жартысынан астамынын тиісті лицензиясы жоқ.

Лудомандармен кездескен кезде олардың талап еткен мәселелерінің бірі 24 сағат жұмыс істейтін ломбардтарды жабу мәселесі болды. Олар жанарына жас алып тұрып, «Ұрлап алсақ та, жырлап алсақ та осы ломбардтарға күн-түн демей тапсырамыз. Олар құжатты да сұрамайды. Ұрлап алған-алмағанын тексермейді» деп айтты. Сондықтан бұл мәселені де назарға алу керек, - деді Нартай Аралбайұлы.

Мәжілісмен лудомандарды емдеуге жеткілікті қаражат бөлінбей отырғанын айтты.

Емдеу орталықтарының құны бір адамға 500 мың, 1 млн теңге дейді. Бірақ ол бергі жағы ғана. Шын мәнінде 2-3 млн теңгеге дейін бір адамды емдейді. Оны емдеу орталықтарына барып өз көзіммен көріп қайттым. Сондықтан да айтып отырмын, - деді депутат.

Миражан Махан
Бөлісу: