Бір күнде 320 қойым қырылып қалды – Түркістандық шаруаның жанайқайы

21 Сәуір 2023, 12:22 1218

Түркістан облысында шаруа күмәнді дәрі-дәрмектің кесірінен малынан айырылғанын айтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Самат Қадыровтың 300-ден астам қойы қырылып қалған. Оtyrar.kz сайтының мәліметінше, қойларынан диарея анықталған соң ферма иесі ветеринарлық дәріхананың сатушысымен кеңесіп, дәрі-дәрмек сатып алған. Ал оны қолданған соң ұсақ мал бірінен соң бірі қырыла бастаған.

Фармацевт ұнтақтың арзан шығатынын айтты. Препаратты 10 литр суға араластырып, 5-10 грамнан беруім керек екен. Айтқанын істедім. Араға 10 сағат салып 320 қой қырылып қалды, - дейді Қадыров.

Қазір шығын көлемі шамамен 1 миллион теңге. Оқиғадан соң ол полицияға да, ветеринарларға да барған. Алайда ауыл тұрғыны ешкім көмекке келуге асығар емес деп налиды.  

Бұл дәрі шошқалар мен тауыққа арналғанын айтты. Дозасын көбейтіп жібергенсің дейді. Дегенмен жануарлардың дәл осы препараттан өлгенін растайтын ешқандай сараптама да, құжат та жоқ, - деді шаруа.

Ветеринарялық дәріхана иелері бұл жағдайға қатысты әлі пікір білдірген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: