Бір күнде 2 бала терезеден құлап кетті

30 Наурыз 2023, 15:07 999

9 наурыз күні сағат 16:40-та Қарағанды облысының Саран қаласында 1А ықшам ауданында 2020 жылы туған қыз бала 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Қайғылы сәтте үлкен балалар үйде болды. Қыздың жағдайы ауыр.

Сондай-ақ 29 наурыз күні сағат 20:26-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесіндегі 5-ші қабаттағы пәтер терезесінен 2021 жылы туылған қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Балалардың терезелер мен балкондардан құлауына жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:

- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

- бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезенің жанынаң алып тастаңыз;

- москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

- балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз;

- ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балаларға түсіндіріңіз;

- егер бекіткіш құрылғы орнату мүмкіндігі болмаса, терезенің тұтқасын алып тастап, оны тек қажет болған жағдайда орнатыңыз.

Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы – 112, 101 телефондарына хабарласуға болады.

EL.KZ
Бөлісу: