«Бір грамм мотивация бергім келеді». Қыдырәлі Болман жазып жатқан кітабы туралы айтты

30 Қаңтар, 16:01 1817

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болман жақында жарық көретін автобиографиялық кітабы туралы айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында фильм де түсіретін ойы барын жеткізді.

Менің кітабым біреуге ақыл айтып, көсемси сөйлеп, жаманымды жасырып, жақсымды асырғанды насихаттамайды. Конькиді әкесінің пимасына сымтемірмен орап, тістеуікпен тартып тастайтын «хоккейші», «футбол алаңы» дегенді білмейтін, тастардан қақпа жасап, футболдан әлемдік «матч» өткізіп жіберетін, ауыл көлінен басқа бассейн дегенді білмеген балалық шағым туралы жазамын. Менің өмірде жіберген қатем басқаларына сабақ болсын деймін. Қазіргі тілмен айтсақ, бір грамм «мотивация» бергім келеді. Одан кейін көркем фильм түсіргім келеді. Ол енді – бөлек әңгіме, – деп жазды ол.  

Желі қолданушылары сүйікті әншілерінің жоспарына сәттілік тіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: