«Бір ғана күмән бар». Жұлдыз Әбдукәрімова балаларының болашағына алаңдаулы

26 Қаңтар, 18:30 2691

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова электронды темекіге тыйым салуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Естеріңізде болса, өткен жылдың көктемінде “Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңес отырысына” қатысқан едім. Онда жасөспірімдер арасында электронды темекінің жаппай тұтынып жатқанына алаңдағанбыз. Талқыладық, үкіметке үндеу жолдадық. Кеше ғана жақсы жаңалық жетті, - деп жазды актриса.

Мәжілістегі депутаттар заң әзірлеп, Сенатқа ұсынды. Енді олар қолдаса, елде вейп саудасына тыйым салынады. Ал заңға бағынбай оны сатқан адам 5 жылға бас бостандығынан айырылады. 

Әзірге менде бір ғана күмән бар. Естеріңізде болса 2020 жылы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекісіне өзгерту енгізілген еді. Онда қоғамдық орын, кафе, түнгі клуб т.б. орталарда кальянға тыйым салынғаны анық есімізде. Ал қазір іс жүзінде ол заңға кім бағынып отыр, - дейді актриса.

Актриса балаларының болашағына алаңдайтынын да атап өтті.

Вейп заңы да осы күйді кешпесе екен деймін. 4 баланың анасы ретінде, қоғам белсендісі ретінде бұл мәселе менің де назарымда болатынын ескерткім келеді. Балаларымның болашағына алаңдауым деп қабылдаңыздар дер едім. Жалғыздың үні шықпас демекші, вэйп мәселесіне менің де ойлы оқырманым немқұрайлы қарамайтынына сенемін, - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Айта кетейік, Қазақстанда үш жылда вейп тұтынушылардың саны 300 есе артқан.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: