Бір адам екі мандатқа күреске түсе алады

27 Ақпан 2023, 11:47 1231

Бұл туралы ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Бір адам екі мандатқа күреске түсе алады. Ол Мәжіліске және Мәслихатқа қатыса алады. Егер екі округтен де жеңіске жетсе, қайсысына баратынын өзі таңдайды. Ол заңға қайшы емес», - Шавкат Өтемісов.

Сондай-ақ ол тіркелген кандидаттарды қатысу құқығынан айыру туралы да айтты. Комиссия мүшелерінің айтуынша, үгіт-насихат басталғаннан кейін де қатысу құқығынан айыра алады. Бұл декларацияға сай келмеуіне байланысты салық органдарының тексеруінен кейін болуы мүмкін.

«Егер тапсырылған декларация мен салық органдары тексерісі сәйкес келмесе, тіркеуден алып тастай аламыз»,- деді Асылбек Смағұлов.

Осыған дейін ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтіп жатқанын мәлімдедік.

Еске салсақ ОСК сайлау алдындағы теледебат «Хабар» телеаранасында өткізілетінін хабарлады.

Гульнара Ерманова
Бөлісу: