Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде АҚШ құрамасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Билли Джин Кинг командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті.
Қазақстан теннис құрамасы ширек финалда АҚШ командасына қарсы ойнайды.
Бұл жұптың жеңімпазы жартылай финалда Жапония мен Ұлыбритания арасындағы кездесуде жеңіске жеткен құрамамен өзара бақ сынайды.
Сондай-ақ ширек финалда Украина құрамасы Испаниямен, ал Италия құрамасы Қытаймен кездеседі.
Командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңі 16–21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.