Билл Гейтс: роботтар да салық төлесін

Билл Гейтс: роботтар да салық төлесін

Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс жасанды интеллект басымдық алған болашақ жөнінде батыл пікір білдірді. Оның айтуынша, егер ЖИ адам еңбегін жаппай алмастыратын дәуір туса, онда экономиканың теңгерімін сақтау үшін роботтар да салық төлеуге тиісті екенін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұған дейін, OpenAI компаниясы GPT-5 моделін таныстырмай тұрып-ақ, Гейтс қазіргі GPT технологиясы дамудың белгілі бір шегіне жетті деп болжаған еді. Сондай-ақ ол жасанды интеллект адамдарды көптеген қызмет түрінен ығыстыратынын, бірақ бейсбол секілді кейбір салалар адамға ғана тән болып қала беретінін айтқан ЖИ-дің еңбек нарығына ықпалы жастар мен мамандар арасында алаңдаушылық туғызып отыр.
Қазір фабрикада жылына, мысалы, 50 мың доллар табатын жұмысшы табыс салығын, әлеуметтік төлемдерді және тағы басқа міндетті аударымдарды төлейді. Егер сол жұмысты робот атқара бастаса, онда роботқа да дәл сондай деңгейде салық салынуы қисынды шешім,- дейді ол.

Соңғы жылдары ұйымдар генеративті ЖИ-ді жұмыс процестеріне енгізіп, өнімділікті арттыру үшін қолдана бастады немесе тіпті кей салаларда қызметкерлерді толық алмастыруға көшті.

Алайда көптеген сарапшылар әлемге ЖИ-дің еш зияны жоқ деген пікірде. Сол үшін де Google, OpenAI және Microsoft сияқты жетекші зертханалар бұл технологияға миллиардтаған инвестиция жатыр.