Білім гранты иегерлерінің тізімі 2014

Білім гранты иегерлерінің тізімі 2014

Білім гранты иегерлерінің тізімі дәстүр бойынша әр жылдың тамыз айында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде жарияланады. 2014 жылғы тізім 9 тамыз күні жарық көрген болатын.

2014 жылы бар-жоғы 34 165 білім гранты бөлінсе, оның 2 530 – ЖОО-лардың даярлау бөлімшелерінде білім алу үшін, 31 635 – І курсқа қабылдану үшін (күндізгі оқу – 31 135, сырттай оқу – 500 грант) бағытталды. Техникалық ғылымдар мен технологиялар саласына 12 600 орын қарастырылса, педагогикалық мамандықтарға 5 864 орын, ауылшаруашылық және ветеринарлық ғылымдарға 2 670 орын бөлінген.

Білім грантын үйлестіру бойынша конкурсқа 69 624 талапкер қатысса, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері – 1 732, Назарбаев зияткерлік мектебінің бітірушілері – 322, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары – 179, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыс жеңімпаздары – 921, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары – 891.

Грант иегерлерінің электронды нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар. қажетті ақпаратты табу үші Ctrl + F батырма комбинациясын пайдаланып, іздеп отырған адамның аты-жөнін немесе мамандықты жазсаңыз болады.


Дәурен Омаров