Білім грантын жеңген талапкерлер қуанышты сәттерімен бөлісті

Білім грантын жеңген талапкерлер қуанышты сәттерімен бөлісті

Бүгін елімізде мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астаналық талапкерлер грант тізімнен өздерінің аты-жөнін көріп, отбасыларымен бірге қуанышты сәтті бөлісті.

Айта кетейік, осы жылы Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныбын 11 133 түлек бітірді. Оның ішінде 294-і «Алтын белгі» иегері, 704-і үздік аттестатпен аяқтады.