Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталды

9 Тамыз 2022, 11:45 1209

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады

Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын уақытында аяқтады, деп хабарлайды El.kz

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады. 

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілді. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ, ауыл балаларыжәне ҚР азаматтығы жоқұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген. 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды. 

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми (https://t.me/gylym_jogary_bilim) Telegramканалында  және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.   


Бөлісу: