Билікке жаңа адамдар көбірек келсе өзгеріс болады – әлеуметтанушы

24 Наурыз 2023, 12:30 1127

Әлеуметтанушы Бақыт Әлмұратов Парлмент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау барысы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тараз қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Сондай-ақ №19 сайлау учаскесінде байқаушылар қатарында отырдым. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық немесе халықтың тарапынан наразылық байқамадым. Дауыс беруге келгендердің барлығы өз еркімен келіп, өзі таңдаған үміткерге немесе «барлығына қарсымын» бағанын таңдап дауыс беруге мүмкіндігі болды. Дегенмен биылғы сайлаудағы халықтың белсенділігі әлдеқайда төмен болғанын бәріміз байқадық. Өзім байқаушы болып отырған  сайлау учаскесінде 2700 сайлаушыдан 390 ғана сайлаушы келіп дауыс берді. Бұл тым төмен көрсеткіш екені айтпасада түсінікті. Бұның бір себебі, сайлауға түсіп жатқан үміткерлер сайлаушылардың көңілінен шықпаған. Билікке неғұрлым жаңа адамдар көп келсе, соғұрлым жаңалық пен өзгеріс көп болатынына сенемін. Ал сайлаудың әділ өткен, өтпегеніне байланысты әлеуметтік желіде сынаушылар көп. Әрине, саяси науқан болғандықтан сынның болатыны белгілі, - деді Бақыт Әлмұратов.

Миражан Махан
Бөлісу: