Биіктен құлап көз жұмған баланың туыстары шындықты айтты

22 Қыркүйек 2023, 09:17 3515

Астанада көпқабатты тұрғын үйден құлап көз жұмған жасөспірімнің туыстары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Аталған мәлімдемені «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады.

Мен, 12-қабаттан құлап кеткен баланың әпкесі Омарбекова А.Н. бұл қайғылы жағдайдың буллинг салдарынан өзіне қол жұмсау емес, жазатайым оқиға болғанын деп мәлімдеймін. Егер баланың отбасынан, достарынан және сыныптастарынан сұрасаңыз, бәрі оны жақсы көргенін білуге болады, ол өте көпшіл бала еді. Мұғалімдермен де қарым-қатынасы жақсы болды. Модельдікпен айналысып, жарнама роликтеріне түскен. Оның өлімі №17 мектептегі буллингтен болған деген ақпараттар жақындарына ауыр тиіп отыр, - делінген мәлімдемеде.

Қор өкілдері мен марқұм жасөспірімнің туыстары желіде жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Айта кетейік, 2009 жылы туған  жасөспірім ұлдың денесі  «Триумф» тұрғын үй кешенінен табылған. Бұған мектептегі буллинг себеп болуы мүмкін екенін жазған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: