30.12.2022
18:48
1704
Бибісара Асаубаева тағы да блицтен әлем чемпионы атанды

Бибісара Асаубаева тағы да блицтен әлем чемпионы атанды

18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында тағы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Мен екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атандым. Өткен жылы чемпионатты сенімді жеңдім, биыл ондай емес. Енді аздап демалып, отбасыммен болғым келеді. Оларды қатты сағындым», - деді Бибісара баспасөз мәслихатында.