Бибісара Асаубаева неге қазақша сөйлемейді? Себебін шахматшының өзі түсіндірді

21 Сәуір 2023, 14:49 1361

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева неліктен өзінің қазақ тілінде сөйлемейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кестем өте тығыз. Отбасымызда бәрі негізінен орыс тілінде сөйлейді. Қазақ тілін үйренуге уақыт жоқ. Айталық, сәуір айында үш турнирге қатыссам, мамыр айына екі турнир жоспарланған, сондықтан... Мұндайда таңдау керек: шахмат немесе тіл үйрену. Бірақ тырысатын боламын, - деді 19 жастағы шахматшы.

Естеріңізге сала кетейік, Асаубаева Астанадағы Satty Zhuldyz турнирін сәтті бастады. Қазақстандық бойжеткен аңызға айналған шахматшы Владимир Крамникпен тең ойнады.

Бұған дейін оның ҚР спорт шебері атағын алғанын хабарлағанбыз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: