26.09.2023
15:14
1730

Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік татуласты

Шахматтан Азия ойындарының жекелей сынында Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өзара тең тарқасты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әзірше Бибісара Асаубаева 3 жеңіс, 1 тең нәтижемен 3-орында, Жансая Әбдімәлік 3 жеңіспен 5-орында тұр.

Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев Моңғолия шахматшысы Ган-Ердене Сугармен, Қазыбек Нөгербек Иран өкілі Сейедмохаммадамадамин Табатабаеймен тең түсті.

Айтпақшы, жарыс кезінде Бибісара Асаубаеваның Жансая Әбдімәлікпен татуласқанын көруге болады. Бибісара instagram желісінің сторис бөлімінде екеуі бірге отырған видеоны жүктеді.