Биатлоннан жасөспірімдер Олимпиадасына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

24 Желтоқсан 2023, 14:25 970

Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы жасақталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ұлттық құрама Щучинск қаласында мәресіне жеткен ҚР кубогі екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жасақталды.

Олимпиадаға жолдаманы ұлдар арасында Ілияс Хасенов, Кирилл Зотов, Антон Редькин, ал қыздардан Әлем Қарабаева, Мария Воробьева мен Эвелина Рыбалкина иеленді.

Жасөспірімдер арасындағы IV қысқы Олимпиада Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында 19 қаңтар – 1 ақпан аралығында өтеді. Аталмыш додаға 70 мемлекеттен 1800 спортшы келетіні жоспарланған.

Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығында биатлоннан Қазақстан кубогі екінші жарыс күнінің нәтижесі мынадай болды:

Әйелдер арасындағы спринт (7,5 км):

  1. Дарья Климина (Павлодар облысы) 22:16,2
  2. Галина Вишневская-Шепоренко (Абай облысы) +28,2 секунд
  3. Надежда Пивоварова (Алматы облысы) +2:52,7 секунд.

Жасөспірімдер:

  1. Яна Чупик (Алматы облысы) 25:12.1
  2. Ульяна Ардалионова (ШҚО) +15,1 секунд
  3. Әлем Қарабаева (Абай облысы) +43,1 секунд.

Ерлер арасындағы спринт (10 км):

  1. Сергей Сирик (СҚО) 29:39.6
  2. Антон Башкиров (Ақмола облысы) +26 секунд
  3. Александр Бирюков (Ақмола облысы) +37,5 секунд.

Жасөспірімдер:

  1. Вадим Куралес (Ақмола облысы) 26:39.9
  2. Артём Афанасьев (Ақмола облысы) +53,6 секунд
  3. Артур Каданцев (ШҚО) +1:06,3 секунд.
EL.KZ
Бөлісу: