Бейжіңдегі ауаның ластануы қауіпті деңгейге жетті

8 Наурыз 2023, 03:32 1194

Атмосферада зиянды қатты бөлшектер көбейген

Бейжіңдегі ауаның ластануы адам денсаулығына қауіп төндіретін деңгейге жетті, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Атмосферада қатты бөлшектердің орташа концентрациясы Тунчжоу ауданында 2,5-тен асты. Бұл Қытайда қабылданған қауіпсіздік нормасынан тоғыз есеге көп. РМ шкаласы бойынша ірі бөлшектердің концентрациясы куб метріне 500 мкг-ға тең.

Жергілікті билік қала тұрғындарынан аса қажет емес болса, далаға шықпауларын және терезені ашпауларын сұрады.

Бейжіңдегі ауаның ластануы «ауыр» деп бағаланып отыр. Солтүстік Қытайда көктем мезгілінде шаңды боран болып тұрады. Алайда бұл жолы желдің әлсіздігіне қарамастан қатты қауіп төндіруде. Ластану себебі әзірге белгісіз.

EL.KZ
Бөлісу: