Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батырда да дауыс беру басталды

20 Қараша 2022, 07:26 1668

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сондай-ақ Джакарта мен Бангкок қалаларында сайлау учаскелері ашылды.

Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президет сайлауы өтеді.

Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы  сайлау учаскелері  жұмысын бастады.

Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді.

EL.KZ
Бөлісу: