Соңғы тәулікте тағы 5 жаңа covid-19 жұқтыру дерегі анықталды. Жақында ҚХР астанасына 205 адам келді, оның ішінде 128 спортшы мен ресми тұлғалар және "басқа мүдделі тараптардың 77 өкілдері бар". Коронавирус 3 спортшыда, тағы 2 делегация өкілдерінде тіркелді.
Осыған байланысты Филиппин Олимпиада комитетінің президенті Абрахам Толентино ойындарда COVID-19 вирусымен күресу шараларын жоғары бағалады. Ол олимпиадалық ауылдағы эпидемияға қарсы іс-шаралар қатаң әрі тиімді екенін айтты.
Чехия билігі SARS-COV-2 таралуына қарсы қабылданған карантиндік шараларды жеңілдетуге ниетті. 01 наурыздан бастап шектеулерден тек қоғамдық орындарда маска кию талабы сақталады. Алайда, елдің Премьер-министрі Петр Фиалдың айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулер қайтарылуы мүмкін.
Ертеңнен бастап азаматтар мейрамханалар мен тамақтану орындарына, мәдени-ойын-сауық, спорттық-сауықтыру және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде вакцинация немесе коронавирус туралы сертификаттарды ұсынбайтын болады. 18 ақпаннан бастап кәсіпорындарда, фирмаларда және оқу орындарында коронавирусқа міндетті тұрақты тестілеу тоқтатылады.
baq.kz