10.02.2022
16:37
1873
Бейжің Олимпиадасында ирандық спортшыдан допинг анықталды

Бейжің Олимпиадасында ирандық спортшыдан допинг анықталды

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада бірінші оң нәтиже көрсеткен допинг сынама анықталды, деп хабарлады vesti.kz.

Халықаралық допингке тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап отырған "Чемпионат" порталының хабарлауынша, Иранның тау-шаңғышысы Хуссейн Савех-Шемшакидің допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған.

36 жастағы спортшы Қысқы ойындардың ашылуы салтанатында Иран туын ұстап шыққан. Қазір ол жарыстан уақытша шеттелді.  

Савех-Шемшаки 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочи Олимпидасына қатысқан.

baq.kz