26.01.2022
16:23
2382
Бейжің Олимпиадасында еліміздің туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

Бейжің Олимпиадасында еліміздің туын кім ұстап шығатыны белгілі болды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Мәдениет және спорт вице-министр Серік Жарасбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, ел спорты сынға түсетін додада олимпиадалық құраманың туын ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымызбен, команданың көшбасшыларымен кездескен болатын. Шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова Бейжің Олимпиадасында Қазақстан олимпиадалық құрамасының туын ұстап шығады,  - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы өз сөзінде спортшыларымызға үлкен сенім артылатынын алға тартты.

Әр спортшы үшін олимпиадаға бару арман. Барлығынан үлкен үміт күтеміз. Оларға қазіргі уақытта барлық жағдай жасалған, - деді Серік Жарасбаев.

baq.kz