Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салынады

Бүгiн, 10:32 149

Мәжілісте елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы Үкімет сағатында көлік министрі Марат Қарабаев Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салу жоспарлануда екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты 2027 жылдан бастап 736 шақырымдық автожол құрылысы басталады. Бұл Ақтау мен Құрық порттарына және Түрікменстанға баратын жолдарды 900 шақырымға қысқартуға және оңтүстік пен батыс өңірлерінің байланысын арттыруға мүмкіндік береді (Хоргос пен Ақтау арасы 3 900 шақырым), – деді министр Қарабаев.

Сонымен қатар ведомствj басшысы 2030 жылға дейін Қызылорда – Ақтөбе жолын 4 жолақтыға ауыстыру, сондай-ақ Сарыағаш қаласының бірінші санаттағы айналма жолын салу жоспарланғанын атап өтті.

Қалбатау – Майқапшағай автожолын реконструкциялау жұмыстары, Қарағандыдан Боғаз ауылына дейінгі жол учаскелерінің орташа жөндеуі жүргізілуде. Алдымыздағы жылдан бастап Қарағанды – Жезқазған автожолын реконструкциялау жұмыстары басталады. Бұл шараларды аяқтау нәтижесінде қазіргі Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізіне баламалы жаңа маршрут қалыптасады, – деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: