Бұл туралы Швеция академиясының Нобель комитеті Twitter-де мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Биыл Нобель сыйлығының жалғыз жеке иегері беларусьтық құқық қорғаушы, "Вясна" құқық қорғау орталығының төрағасы, "Ар-ұждан тұтқыны" Алес Беляцкий болды. Сонымен қатар, 2022 жылғы бейбітшілік сыйлығын екі құқық қорғау ұйымы бөлісті. Олар: Ресейдің "Мемориал" орталығы және Украинаның азаматтық бостандықтар орталығы.
Бейбітшілік сыйлығы Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес, "үлкен жетістікке жеткен немесе халықтарды біріктіруде және армиялар санын азайтуда, сондай-ақ бейбітшілік конгрестерін өткізуде және оларға назар аударуда басқаларға қарағанда көбірек қызмет еткен адамға" беріледі.