Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты

5 Сәуір, 10:51 874

Әлемнің 201-ракеткасы 23 жастағы қазақстандық Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың 5-ракеткасы Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 685-сатыда тұрған 18 жастағы мексикалық Родриго Пачеко Мендеспен өзара кім мықтыны анықтады.

Бұл жолы Бейбіт 1 сағат 13 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды. Бейбіт осы уақыт ішінде 17 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін әлемнің 212-ракеткасы канадалық Алексис Галарномен сынға түседі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: