Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

4 Қараша 2023, 01:29 800

Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жукаев АҚШ-тағы Шарлотсвилл челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 517-ракеткасы, испаниялық Иньяки Монтес де ла Торремен кездесті.

Бейбіт Жұқаев 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 51 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдалана білді. 

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 284-ракеткасы, хорватиялық Нино Сердарушичпен кездеседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: