Бейбіт Жұқаев Алматы турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

16 Қазан, 08:36 629

Әлемнің 213-ракеткасы қазақстандық Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейбіт бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.

Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді.

Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды - 6:4, 6:1.

Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. 

Жукаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен кездеседі.

Перизат Саденова
Бөлісу: