Бейбіт атом: Оңтүстік Корея Қазақстанға қандай технологияларды ұсынады?

30 Қаңтар, 17:34 957

Қазақстандық журналистер мен қоғам белсенділерінің бір тобы өткен аптада Оңтүстік Кореядағы әлемдегі екінші қуатты атом электр станциясына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АЭС-тен басқа олар Кореяның атом энергетикасының жетекші компанияларының кеңселеріне барып мамандармен әңгімелесті, оларға өз сұрақтарын қойып, сондай-ақ АЭС маңындағы халықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Қазақстанда АЭС салу туралы шешімді азаматтар жалпыұлттық референдумда қабылдайтыны белгілі. Қазіргі уақытта осы салада қол жетімді шешімдерді, соның ішінде Оңтүстік Корея, Ресей, Франция, Қытай технологияларына қатысты зерттеу жүргізіліп жатыр.

Оңтүстік Корея атом электр станциялары технологиясын әзірлеген және өз технологияларын шет елдерге экспорттайтын санаулы елдердің бірі. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда елде өндірілетін энергияның үштен бірін қамтитын 26 реактор жұмыс істейді. Сонымен қатар Оңтүстік Корея Біріккен Араб Әмірліктерінде алғашқы атом электр станциясын салып, жоспарланған төрт энергоблоктың үшеуін іске қосты.

Оңтүстік Корея бірнеше онжылдықтар ішінде атом энергиясын өндірудің толық циклін құра алды – барлық қажетті инфрақұрылымды салудан бастап, атом реакторларын құруға дейін. 

Атап айтқанда, ел «APR -1400» реакторын пайдалану нұсқасын ұсынады. Бұл Корея электр энергетикалық корпорациясы (KEPCO) әзірлеген су-сулы энергетикалық реакторы. Ол үшінші буын реакторы болып саналады және Оңтүстік Кореяның KHNP және KEPCO компаниялары әзірлеген 1000 МВт OPR-1000 қос тізбекті ядролық реакторының жаңартылған нұсқасы болып табылады. Реакторда Кореяның ядролық қауіпсіздік институты мен АҚШ-тың ядролық реттеу комиссиясының сәйкестік сертификаты бар.

Корея атом электр станциясын консорциум құрамында компаниялар пулымен салуды ұсынып отыр, мұнда станцияның өзін Hyundai Engineering and Construction салып жатыр, Doosan энергетикалық корпорациясы реакторды өзі шығарады, KEPCO оған техникалық қызмет көрсетумен айналысады және Мұның барлығын KHNP (Korean Hydro and Nuclear Power) ұлттық компаниясы басқарады.

Кореяның атом энергетикасы ғылыми-зерттеу институты өз технологияларын таңдаған жағдайда мамандарды оқытуға уәде беріп отыр.

Сондай-ақ қазақстандық делегация халық саны 3 млн адамнан асатын АЭС-ке жақын елді мекендердегі тіршілік әрекетін де зерттеді. Осындай маңызды стратегиялық объектімен көршілес болу тұрғындарға әдеттегі істерімен айналысуға, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және тағы басқа кедергі келтірмейді. Мамандардың айтуынша, АЭС айналасында нөлдік радиация байқалады. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: