Көзілдірік — тек күннен қорғану немесе жақсы көруге арналған құрал емес, сыртқы келбетіңізді құлпырта түсетін аксессуар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Стилист Натали Время көзілдіріктің жақтауы бет әлпеттің ерекшеліктерін айқындап, сырт келбетті бұзбай, үйлесімді көрінуі үшін оны қалай дұрыс таңдау керектігін түсіндіреді. Бұл туралы "Лиза" журналы жазды.
Сопақша бет
Сопақша бетке көзілдіріктің кез келген түрі жарасады. Тек тым көлемді, ауыр жақтаулары бар көзәйнектен аулақ болыңыз. «Мысық көзі», дөңгелек, геометриялық формалар мен ерекше дизайндағы үлгілер тамаша таңдау болмақ.
Дөңгелек бет
Беті дөңгелек жандарға тікбұрышты немесе төртбұрышты, айқын сызықты жақтауы бар көзілдірік таңдаған жөн. Сонымен қатар, «көбелек» формалы немесе сыртқы бұрышы жоғары көтерілген көзілдіріктер де жарасады. Кішкентай және дөңгелек үлгілерден аулақ болыңыз.
Төртбұрышты бет
Айқын жақ сүйектер мен маңдай сызығын жұмсарту үшін жұмсақ, дөңгелектелген формалар – сопақша, дөңгелек немесе «авиаторлар» жақсы келеді. Ал тік, қатаң сызықты жақтаулардан бас тартқан дұрыс.
Жүрек тәрізді бет (кең маңдай, сүйір иек)
Төменгі бөлігін теңестіретін модельдер – яғни, төменгі жағы акценттелген немесе жұмсақ пішінді көзілдіріктер қолайлы. Жартылай мөлдір және металл негіздегі жеңіл үлгілер визуалды тепе-теңдік береді.
Алақандай бет
Тым үлкен, ауыр жақтаудан сақ болыңыз. Орташа өлшемдегі, жіңішке сабақты көзілдіріктер жарайды.
Бұған дейін жаз мезгілін қауіпсіз ету үшін не істеу керектігі туралы жазған едік.