Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов түрік клубы «Бешікташтың» жоспарында командадан кететін футболшылар тізіміне енді. Бұл туралы TRT Spor мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Австриядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынынан кейін команданың бас бапкері Оле-Гуннар Сульшер бірқатар ойыншылардың болашағына қатысты шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Бүгін мен футболшыларға өз шешімімді өзгертуге мүмкіндік бердім. Бірақ кейбірі мені ойымнан қайтарған жоқ, – деді Сульшер Словакиялық «Петржалкамен» өткен жолдастық матчтан соң.
БАҚ мәліметінше, Зайнутдиновке Ресей клубтарынан ұсыныс түсуі мүмкін. Ал «Бешікташ» жаңа маусымда оның қызметінен бас тартуға дайын.