11.08.2023
17:14
1641
«Бешикташ» Зайнутдиновпен келісімге келді

«Бешикташ» Зайнутдиновпен келісімге келді

Түркияның «Бешикташ» клубы Ресейдің ЦСКА командасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Sports Digitale-тің хабарлауынша, қазір ресейлік және  түркиялық клуб арасында келіссөз болып жатыр. Ресейлік клуб «Бешикташтың» Зайнутдиновтың трансфері үшін сұраған бастапқы сомасын төрт млн еуроға дейін түсірді. 

«Бешикташ» Зайнутдиновтың трансфері үшін ЦСКА-ға 3 млн еуро және тағы осыншама еуро бонус ретінде ұсынған. Мәскеулік клуб бірден қолма-қола 6,5 млн еуро сұрап отыр. 

Sabah агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркияның клубы ЦСКА-ның сұраған ақшасына келіспей, футболшыны 4 млн еуроға сатып алған. Енді Зайнутдинов келісімшарт бойынша «Бешикташтың» құрамында 4 футбол маусымын ойнайды.

25 жастағы футболшының ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы «Ростов» клубынан 2 млн еуроға сатып алынған.