Бесаспап балалар

23 Қазан, 17:41 1525

Ойыны – аударыспақ, ермегі – үйдегі шаруашылық. Бұл – ересек ер азамат туралы емес. Бір үйдің балалары жайлы сипаттау

Видео кейіпкерлері Қарағанды облысындағы Қайрақты ауылында тұрады. Олар балық та аулайды, мал да бағады, тіпті мал союға жәрдемдеседі. Жеке шаруашылығында алынған өнімді өздерінің жеке дәмханасында сатады

Отбасындағы 5 баланың ересегі 12 жаста. Содан кейінгі 8 және 6 жастағы 2 інісі де қолғанат болуға жарап қалған. Үй шаруашылығымен қатар, мектеп пен қосымша үйірмелерді ұмытпайды. Футбол ойнайды, күреске барады, бассейнге барып, жүзу машығын шыңдайды. Үйдің үлкені ағылшын тілін тереңдетіп оқып жатыр екен

Қанағат Тәуіртай мен Саида Кәрібаеваның отбасы белсенді демалысқа да уақыт бөліп отырады. Телефоннан бас алмайтын көп оқушыға үлгі боларлықтай көрініс

EL.KZ
Бөлісу: