Бес қалада ауа сапасы нашарлайды

27 Ақпан 2023, 08:17 720

Елдің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде

27 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстандағы қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қарағанды, Жезқазған, Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында ғана ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

EL.KZ
Бөлісу: