Бес әлеуметтік бастама оптимизмге шақырады

5 Наурыз 2018, 06:05 1854

Ағымдағы жылдың 5 наурызы күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында Елбасының ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдаған бес әлеуметтік бастамасын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Отырысқа этномәдени бірлестік өкілдері және ҚХАҚоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Журналистер клубының, Жастар лигасының мүшелері қатысты.

Отырыс барысында сөз алған ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев бес әлеуметтік  бастаманың басым тұстарына жеке-жеке тоқталып, этномәдени бірлестік өкілдеріне түсіндіріп өтті.

Шараға қатысқан этномәдени бірлестік өкілдері, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолғы бес бастамасының халық үшін берері көп екендігін, және елдегі бейбітшілік пен бірлікті сөз еткен Елбасының ұстанымына әрдайым қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Бөлісу: