7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Маңғыстау облысында Мұнайлы аудандық соты iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтаған тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
21 маусым 2024 жылы «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында азамат Э.-нің Мұнайлы ауданында орналасқан үйінде 14 орамға оралған жалпы салмағы - 0,96 грамм «героин» есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтағаны анықталған, - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, тінту хаттамалары және өзге де қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Сот сотталушының кінәсін ішінара мойындауын, асырауында бес баласы бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен азамат Э. ҚК 297-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытат үкім заңды күшіне еніп отыр.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?