Бес баланың анасын питон жұтып қойған

18 Шілде, 15:02 1597

Индонезиядағы Оңтүстік Сулавесиде 30 жастағы бес баланың анасы питонның аузынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сирати есімді әйел көрші ауылдағы ағасына қонаққа кеткен, оның жолы джунгли арқылы өтеді. Туыстарының үйіне жетпеген әйелдің күйеуі дабыл қағып, іздеуге шығады.

Ер адам әйелі жүрген жолмен шығып, оның аяқ киімін тауып алған. Ары қарай жүргенде әйелін жұтып жатқан үлкен питонды байқайды. Жыланның аузынан Сириатидің аяқтары ғана шығып тұрған. Ер адам питонды өлтіріп, әйелін суырып алған, бірақ ол қайтыс болып кеткен.

Бұл елде питонның адамға шабуыл жасайтын оқиғасы жиі кездеседі. Мәселен, маусымда Индонезияның Калемпанг ауылында тұратын әйел із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Біраз уақыттан кейін оның денесі питонның ішінен шығарылды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: