Берік Әбдіғали Жезқазғанның экологиясы нашар екенін дәлелдеу үшін 400 млн жұмсамақ

7 Тамыз 2023, 11:00 2564

Ұлытау облысында онкологиялық аурулар көбейген. Енді облыс әкімдігі экологиясы нашар екенін ғылыми дәлелдеу үшін 400 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы әкім Берік Әбдіғалиұлы “Обожаю” арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облысының әкімі өңірдің ахуалы мен экологиялық проблемаларға тоқталды. 

Экологияға тоқталып кетсек, «Қазақмыс» зауытынан бөлек, Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Өйткені, аспанға ұшырылған әуе кемелерінен бөлінетін зиянды қалдықтар біздің өңірге тарайды. Бұл мәселені біз президенттің алдында да көтердік және президент шешуге тапсырма берді, - деді Берік Әбдіғали.

Оған қоса, облыс әкімі экологиялық мәселелерді шешу экология министрлігінің құзырында емес екенін айтты.

Бұл экология министрлігінің құзырында. Министр Зульфия Сүлейменова жағдайдан хабардар. Өзі де вице-министр кезінде келген. Қазіргі таңда экологиямыздың нашар екенін министрлікке дәлелдеу үшін топырақ, ауа және судың құрамын талдап, ғылыми зерттеу жүргізіп жатырмыз және оған жергілікті бюджеттен 400 млн теңге бөлінді, -деп жауап берді облыс әкімі.

Равиль Ашығали
Бөлісу: