Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай әдеби-музыкалық кеш өтті

3 Қараша, 19:27 371

Алматыда қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кеште қазақ балалар жазушысының өмірі мен еңбек жолы туралы естеліктер айтылды. Сонымен қатар сахнада Мейрамбек Беспаев, Айгүл Үлкенбаева, «Қоңыр» тобы, Тілеулес Құрманғалиев, Айгүл Қосанова, Отанбек Еңсехан, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі, «Сенім» балалар хоры, Бекжан Тұрыс, Ерлан Біләл, Қуаныш Бейсеғалиев, Руслан Абу, Ерсұлтан Тезекбай, Әбіл Мұратұлы және басқа да артистер өнер көрсетті.

Айта кетейік, қазақ әдебиеті классиігінің туындыларын ел азаматтары мектеп қабырғасынан бері үзбей оқып, дәріптеп келеді. Мысалы, ұлттың рухани қазынасына айналған «Менің атым Қожа» повесі 68 тілге аударылған. Аталған кітап желісімен түсірілген кинокартина 1967 жылы Канн қаласында өткен балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық кинофестивалінде дипломант атанды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы Мәдениет басқармасы | Управление культуры (@almatymadeniet)

Перизат Саденова
Бөлісу: