Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылғы «Алтын доп» сыйлығының иегері Франция құрамасының экс-шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына келісімен алғашқы голын салды.
Оқи отырыңыз:
Ол Араб чемпиондары клубтарының кубогы үшін жарыста Тунистің «Эсперанса» командасымен ойында 55-минутта допты торға тулатты. Ал матчтың өзі 2:1 есебімен аяқталды. Карим Бензема бірінші голдың салынуына да көмектесті. Ол қорғаушыны алдап, командаласы Абделразак Хамдаллаға әдемі пас берді.
Бензема бұған дейін 14 жыл мадридтік "Реал" сапында өнер көрсетті.